Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектепішілік пәндік олимпиада жүлдегерлері марапатталды.

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңінің марапаттау салтанатты жиыны болып өтті.

Мектепішілік олимпиадаға 8-11 сынып оқушыларынан барлығы 196 оқушы қатысып, қорытындысында әр пәннен озық шыққан - 47 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.

Дәстүрлі білім додасының үздіктерін мектебіміздің ұлағатты ұстазы, СТО жобасының халықаралық тренері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Момынқұлова Алтын Момысқызы құттықтады. Сонымен қатар, «Дарын жеке жетілмейді, дарындылар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, мектебімізді үздік шәкірті, Республикалық пәндік олимпиаданың ағылшын тілі пәнінің ІІ орын жүлдегері 11 сынып оқушысы Сардар Нұрайым мен  Республикалық Президенттік олимпиаданың қатысушысы,11 сыныптың  үздік оқушы Есіркеп Сұлтан жеңімпаздарды марапаттау мәртебесіне ие болды.

 2021-2022 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз! 




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны