Қазақ күресінен фестиваль
Мектебімізде Қазақ күрес секциясы жұмыс істегеніне бір айдан асты. Осы мерзімде жас балуандарымыздың үйренгендерін паш ету үшін жеңілдетілген ереже бойынша фестиваль өткізілді. Бүлдіршін балуандар жас, салмақ, дайындық денгейлері бойынша жеке-жеке топтарға бөлінді. Жүлдегерлер ұпай саны бойынша анықталады, дипломдармен марапатталады. Жарысқа 80 жуық спортшы қатысты. ⚜️Кілем үстіндегі төреші – Берекетов Мейіржан, спорт шебері, ҚР чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қазақ күрес секциясының жаттықтырушысы.⚜️ Төреші – Қазтаев Қайрат, спорт шебері, ҚР чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қазақ күрес секциясының жаттықтырушысы.⚜️Секундант Тусупов Руслан, Қазақ күрес секциясының жаттықтырушысы.Осындай іс-шара жоғарғы денгейде өтуіне методикалық, ұйымдастырушылық зор үлес қосқан мектеп-лицейіміздің директоры, мектеп әкімшілігі, тәрбие бөлім, ДШ әдістемелік бірлестігі, жалпы ұжым және ата-аналарға үлкен алғыс білдіреміз!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии