Бүгін мектебіміздің директоры Күнімбала Ізтөлеуовна және әлеуметтік-педагог Ляззат Галимжановна бастаған топ ұжымы 2022 жаңа жылғы мейрамы қарсаңында көпбалалы отбасы мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың шаңырағында болды. Мектеп басшысы көпбалалы отбасы шаңырағына келіп балаларға жаңа жылдық тәттілер мен Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың және Сарыарқа ауданы әкімінің арнайы сыйлықтарын үлестірді. Қуанышқа бөленген балғындар өз өнерлерін көрсетті. Бірге ойындар ойнады.
Мектеп тарапынан келген құттықтау тілектер мен сыйлықтарына қарық болған балалардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне өз ризашылығын білдірді. Директорымыз балаларды жаңа жылымен құттықтай отырып,өз тілегін айтты. Сонымен қатар көпбалалы отбасылар мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың жағдайымен танысып, керекті мағлұматтар алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны