24 желтоқсан күні мектебімізде «Қайырымдылық - қадірлі іс» атты қайырымдылық концерті өтті. Концерт Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы оркестрінің орындауында Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйімен басталды. Сондай-ақ, мектеп-лицей директоры Гүлжан Дәрібайқызы қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып, қол ұшын беруге ат салысып жүрген демеушілерге өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, демеушілерге мектеп-лицей директоры мен Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табыс етілді. Іс-шара оқушылардың қатысуымен дайындалған концертке ұласты. Осы орайда концертке өз үлесін қосып, өнерлерін көрсеткен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясына, ерекше білімді қажет ететін балалардың пара-каратэден жетекшісі Лиза Максимовнаға, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Бержанова Аделяға және әрбір өнерпазымызға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны