Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің онкүндігі

Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі – ұрпақтар сабақтастығының қастерлі жолы! атты  тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

 26.11.2021 ж. онкүндіктің ашылу салтанатында 8-10 сынып оқушыларымен «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбындағы іс-шараны тарих пәні мұғалімі  К.Б. Джалалова өткізді. Оқушылар Тұңғыш Президент күніне және 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне дайындаған презентациялары арқылы таныстырылым жүргізді.

  Онкүндік жоспарына сәйкес ашық сабақтар  мен сыныптан тысіс-шаралар өткізілді. 

  Жоспар бойынша 06.12.2021ж. Ибраева Динара Амангельдиновна «Исторические сведения о саках» тақырыбында 5 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы бойынша бірнеше тәсілдерді көрсетті. «Адасқан әріптер» тәсілі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздері ашты. Оқушыларға видео материал, презентация  көрсету арқылы мұғалім тақырыпты толықтай ашты. «Құпия конверт» тәсілі арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендерін тексерді.

  07-10 қараша күндері аралығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында реферат жазу байқауы өткізілді. Жүлделі орындар анықталды.

07.12.2021ж. 11 «Ғ» сыныбында Шекеров Асылан Сагадатович «Қазақстанның саяси әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында өмір бойы оқу  құндылықтарын  дамыту негізінде материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру,өз көзқарастарын ашық білдіру, бірін-бірі тыңдап және  сұрақтарға жауап беру, оқиғаның себебі мен салдарын анықтау сабақ барысында үздіксіз жүріп отырды. Бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты жайлы деректер түсіндірілді. Сыныптың басым бөлігі  сабаққа өте жақсы деңгейде дайындықпен келген, жаңа тақырыпты игеру барысында қалыс қалған оқушы жоқ. Сабақта бірнеше әдістердің тиімді тәсілдері қолданылды.  IDEA формуласы, дебат, кері байланыс жүргізу арқылы оқушылардың белсенділігін арттырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен бүгінгі күнге дейінгі даму барысы жайлы оқушыларға толық мәліметтер берілді. Сабақ мақсатына жетті.

9.12.2021ж. Исабекова Гулмира Мұсақызы 10 «Ә» сыныбында «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» атты ашық сабақ өткізді. Құрастырма сөздер арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты өздерінің ашуына мүмкіндік туғызды. «Ойлан-тап»әдісі арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашты. BilimLand платформасынан  тапсырмалар сабақ барысында орындалды. Интербелсенді тақтадан видеоролик тамашалады. Бекіту сәтінде «Ортаға таста» әдісі арқылы оқушылар сабақ барысында алған білімдерін ортаға салып, қорытынды ой түйін айтылды. Мұғалім оқушылардың шығармашылық деңгейін шыңдай білді. Сабақ өз мақсатына жетті.

09.12.2021ж. Идирисова Айнур Болатбекқызы 7 «Е» сыныбында «Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастырып, топтарға бөлді. Әр топқа  тақырыптың мазмұнын ашуға арналған тапсырмалар берілді. Әр топ басшысы «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып, ой тұжырымдады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы видеоролик көрсетілді және слайд материалдарына талдау жасады. «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар сабақты қорытындылап, өз ойларымен бөлісті. Тақырып бойынша берілген тірек сөздердің мағынасын ашты. «Сәйкестендіру  тест» жұмысы арқылы оқушылар тақырыпта берілген хронологиялық даталарды анықтады. «Қоржын әдісі» арқылы рефлексиялық сұрақтар қойылып ,кері байланыс жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенділік танытты.

10.12.2021ж.  тарих пәні мұғалімдері Исабекова Г.М., Шекеров А.С., А.Б.Идрисованың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты  дөңгелек үстел өтті. Іс шараға желтоқсан оқиғасына қатысқан қонақтар шақырылды: Шымшықов Ж.Е., Алдаберген Б.Ж.,  Отаршиев Ж.Е.

    Іс шара барысында 5-6 сынып оқушылары қонағымыз Алдаберген Бауыржанның «Желтоқсан маршы» өлеңін хормен шырқап,10-11 сынып оқушылары Қайрат Рысқұлбековтың сотынан көріністер көрсетті. Қонақтарға сөз беріліп, оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.Сонымен қатар Қайрат, Ләззат, Сабира, Ерболдар  туралы деректер айтып, оларға арнап өлеңдер оқылды. Мерекелік кеш әрі қарай ән, бимен өрнектеліп, өз мәресіне жетті. Оқушылар ата-бабамыз нешеме жылдар күткен тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсінді.

13.12.2021ж. Джалалова Камшат Бахтияровна  9 «А» сыныбында  «Тоқырау жылдарындағы демографиялық процестер»  тақырыбында   ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға видеоролик, слайд презентация арқылы түсіндірме жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында анықтау, деректермен жұмыс жасау, картамен жұмыс жасау тәсілдері қолданылды. Жартылай ізденушілік тапсырма ,зерттеу сұрағы арқылы әр оқушыны түйінді ой шығаруға жетеледі. БББ кестесі арқылы тақырып бойынша түйген білімдерін жазу тапсырылды, оқушылар кестемен жұмысқа толық кірісті. Проблемалық сұрақ қоя отырып сабақты қорытындылады. Әр тапсырмадан соң кері байланыс жасалды. Рефлексияда «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен  қортындылап, сабақтан алған әсерлерлерімен бөлісті.                                                                                                                                  

 Онкүндік аясында жоспарланған  жұмыстар толық орындалды, өз мақсатына жетті. Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді оқушылар марапатталды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны