"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының қызмет бөлімі 2021 жылдың 18 қарашасында ата-аналар диалог алаңы жоспарына сәйкес Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы ата-аналарына арналған "Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі" тақырыбында онлайн вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты - ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту.
Вебинар барысында сауалнамалар жүргізіліп, психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Бодикова ата-аналарға баланың рухани, сезімтал дамуы үшін атқаратын шаралар туралы бағыт берді.
Қатысқан ата-аналар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екендігін атап өтті.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны