Авторлық жұмыстың құрылымымен таныстыру
Олардың негізгілері:мектептің мақсат,міндеттері есепке алынбайды;бағдарламаны құрастуры негіздемесі толық емес; мысалы: білім,икем,дағдыға қойылатын талаптар, курстың мақсат,міндеттері т.бұсынылған бағдарламаны керекті оқу - әдістемелік кешенмен жабдықтау қарастырылмайды;білім аумағандағы өзге бағдарламалармен сабақтастық принципі сақталмайды;Оқу бағдарламасы дегеніміз не?1. Әр жеке пәнге байланысты білім,икем,дағды көрсетілген нормативтік құжат. Оқытылуға тиісті тақырып, әр тақырыпқа мерзім, жыл беріледі. Бағдарлама талабын толық меңгеру – оқу үрдісінің табыстылығы, тиімділігі межесі.2. Оқу пәніне сәйкес оқу курсының мазмұнды негізін, мақсатты талаптарын, оқыту технологиясын таңдау принципі, бақылау әдісін көрсететін құжат.3. Білім, тәрбие,дамыту мақсаттарын орындайтындай білім беру процесі құрамын анықтайтын қысқаша жүйелі баяндалған ақпарат.Оқу бағдарламаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітеді.Өзгертілген бағдарлама дегеніміз не?Оқу бағдарламасы негізінде жасалып, бірақ мазмұнына өзгеріс енгізілген, толықтырылған бағдарлама. Мысалы: тақырыпты оқыту реті,сағат саны, оқыту түрі т.б.Авторлық бағдарлама дегеніміз не?Өзіне сәйкес түрі жоқ оқыту бағдарламасы. Пән бойынша оқу курсы мазмұнына авторлық концепцияны басшылыққа алады.Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:1. Рецензия алу.Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау.Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан р. алу.2. Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии