3 ақпан күні № 70 мектеп-лицей базасында 2-7 сынып оқушыларына арналған ұлттық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінде мектебімізден 4 «Б» сынып оқушысы –Бота Мөлдір мен 4 «Д» сыныбынан Бектасқызы Аружан қатысты. Жас зерттеушілеріміз әділ қазылар алдында өздерінің ғылыми жобаларын қорғап, 4 «Б» сынып оқушысы Бота Мөлдір жүлделі 2 орынды жеңіп алды, сынып жетекшісі Ахметкалиева Мара Жамбыловна.
4 «Д» сынып оқушысы Бектасқызы Аружан грамота иеленді, сынып жетекшісі Абденова Қарлығаш. Конкурс оқушылардың қабілетін дамыту мақсатында өтті. Жобаларды қорғау жұмыстары тікелей эфир арқылы көрсетілді. Бота Мөлдір мен Бектасқызы Аружанға сәттілік тілейміз!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны