2022 жылдың 2-5 ақпан аралығында 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиада қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, химия, математика, физика, география, биология, өзін-өзі тану пәндері бойынша өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласы А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден 18 оқушы қатысып, жүлделі орындар иеленді. Физика пәнінен Нәбиденұлы Әмір - 7 сынып - 2 орын, пән мұғалімі Байтасова П, Биология пәнінен -Мұқаш Талшын 8-сынып -3 орын, пән мұғалімі Хозыбай А, Өзін-өзі тану пәні - Измаханова Қарақат - 8 сынып, 1- орын, пән мұғалімі Мауленов С, Ағылшын тілі пәні -Асқар Арайлым 7 сынып, 2- орын, пәні мұғалімі Архаров Б, Қазақстан тарихы пәні- Масимхан Ақерке-7 сынып, 3 орын иеленді. Грамота алған оқушылар: Болат Смайыл-ағылшын тілі, пән мұғалімі Дүйсенбай А, Сағындықова Тоғжан-қазақ тілі мен әдебиеті, пән мұғалімі Ильясова Л.
Жүлделі орындар алған оқушыларымыз бен оларды дайындаған пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны