Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақ сыныптарында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі

«Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана дербес ел бола алатынын біз  ұмытпауымыз керек» деген ұлы педагог А.Байтұрсынұлы. Осыған орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бірлестігінің онкүндігі өткізілді.  Онкүндіктің  ашылуы 8-10 сынып оқушыларының  қатысуымен салтанатты түрде онлайн форматта өткізілді. Онлайн Google meet платформасында ӘБ жетекшісі Қ.Қ. Мұхамбетова апталықтың іс-шара жоспарымен таныстырды.

    Жоспар бойынша, 26 қаңтар күні  (Google meet платформасы) Г.Қ.Нұрахметованың 10ә сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен Мұхтар Мағауиннің «Шахан Шері» романы тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өткізілді. Күнтізбелік жоспары бағдарламаға сай жасалған. Талантты және дарынды оқушылармен тапсырма  жүргізілді. Сабақты «Ой қозғау» әдісімен бастады. Себебі, оқушылардың сабаққа деген қызығушлығын ояту мақсатында «Қамшы», «Кітап», «Баспалдақ» суреттерін қою арқылы, оқушылармен өткен тақырыптарды қайталап, еске түсірді. Осы суреттерге қарап, мақал- мәтелдер, нақыл сөздер айтылды. Оқушылардың білген дүниелеріне мұғалім өз тарапынан жаңа ойлар қосты.Мысалы :

-         Қандай үздік кітаптар оқу керек екендігі;

-         Адамның өмірі қамшының сабындай екендігі;

-         Қай шығармаладан бастап оқу керектігін нақты айтып өтті.

Оқушылар берілген кестені толтырып жатқанда «Поэзиялық минут» әдісін тиімді қолданды. Мәтінмен жұмыс та жүргізілді. Тапсырмалардың барлығы дескритормен берілді. Оқушылар сабақты жете түсінді.  Мұғалім жоспар бойынша мақсатына жетті.

     28.01.2022ж.  Тойғанбаева Айдын Тойғанбайқызының   10 «А» сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен  А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі «Тасқұл қарттың арманы» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өткізілді. Сабақ «Ой қозғау» әдісімен басталды. Мұғалім  А.Кемелбаеваның өмірі мен шығармаларынан мол мағлұмат көрсетті. Оқушылармен  оқу тапсырмасын  қайталап, еске түсіру мақсатында шығарманы сюжеттік-композициялық құрылысына «Оқиға тауы» әдісі бойынша  талдау жасатты. «Концептуалды кестені толтыру» әдісін сабағында ұтымды қолданды. «Quzzlet» платформасы бойынша  «Кім жылдам» әдісімен сабақты қорытындылауға тест берілді. Оқушылар берілген  тест сұрақтарын    мұқият оқып, дұрыс нұсқаны белгіледі. Кері байланысты  «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісімен алды. Оқу тапсырмасы: Романдағы кездесетін салт-дәстүрлерді тауып оқу. Өз көзқарасын дәлелдеп жазу. Оқушылар сабақты жете түсінді және мұғалім жоспар бойынша мақсатқа жетті.

        28.01.2022ж. Б.К.Канафинаның   5 «А»  сыныбымен қазақ тілі  пәнінен  «Жол белгілері» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Өткен материалды қайталау барысында берілген сұрақтар арқылы топтық жұмыста ой қозғау тапсырмалары, «Поэзиялық минут», «Ыстық орындық» әдістері тиімді қолданылды. Сабағында  сыныпта психологиялық ахуал орната алды. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыра отырып, оқушыларды сөйлеуге бағыттап, одан нәтиже шығарып отырды. Қысқа мерзім ішінде  оқушы зейінін жылдам ұйымдастырып,  сабаққа дайындығын тексерді. Оқушылардың белсенділігі білім тексеру кезіңінде, жаңа сабақ барысында, бекітуде байқалды. Сабақта тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша жұмыс жүргізілді. Жұптық, ұжымдық, жеке жұмыста оқушылар  деңгейіне қарай тапсырма беріліп  отырылды. Үй жұмысының орындалу әдістемесін түсіндіріп, құрамына танымдық тапсырмаларды енгізіп, сыныптың деңгейіне қарай тапсырма берілді. Сыныптың және жеке оқушының жұмысын бағалап, мақсатқа жетудің нәтижелілігіне талдау жасады. Сабақта көрнекі құралдар талапқа сай қолданылып, өмірмен тығыз байланыста өтті. Сабақ барысында  мұғалім мен оқушының бір- бірімен қарым- қатынасы белсенді жүрді. Бақылаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруда проблемалық ситуация туғызу арқылы жаңа тақырыптың практикалық маңыздылығын көрсетті. Сабақтың әр кезеңінде уақытты тиімді пайдаланды. Материалдың маңыздысын көрсете білу шеберлігінің нәтижесінде дарынды оқушылар шығармашылық қабілетін, талдау білігі мен дағдысының деңгейін көрсете білді. Жаңа тақырыпты жүзеге асыру барысында сабақта түрлі әдістерді пайдаланды. Мысалы: «Поэзия минуты», «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Ой шақыру». Оқушылар белсенді,  сабақты толық түсінді. Сабақ  мақсатына жетті.

28.01.2022ж.  Т.А.Айтбаева  7«А» сыныбымен қазақ әдебиеті  пәнінен  «Батыр Баян поэмасының композициялық құрылымы» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Ең алдымен тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісі негізінде суреттер берілді. Білім алушылар сол суретте көрсетілген батырлар  туралы білетін ақпараттарымен бөлісті.  «Сұрақ - жауап айдары» бойынша оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар берілген сұрақтарға ұтымды түрде нақты жауап берді. Ашық сабақ барысында Арман деген кейіпкер қонаққа келді. Арманның қолында картасы бар. Өкінішке орай, Арман Нұр-Сұлтан қаласын білмейді. Қолындағы картаға қарап, оған дұрыс жол табуға білім алушылар көмектесті. Яғни Арман бару керек болған аялдамалардағы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өздерінің білім деңгейлерін көрсетті. Шығармашылық кезеңде оқушылар тапсырмалар орындады. Оқушылар әр аялдамада берілген тапсырмаларды орындау арқылы келесі аялдамаға қарай бет алып отырды. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті.  Сабақ жоспары толық орындалды. Сабақ барысында алған оқу мақсаттарын негізге ала отырып, оқу тапсырмалары жүйелі түрде, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылды. Сабақ барысында қолданылған көрнекілік құралдар, платформалар оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сәйкес болды.

 31.01.2022ж.  А.Қ.Сейфуллинаның  8 «Қ» сыныбымен өткізген қазақ әдебиеті пәнінен  Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі өте жоғары деңгейде өтті.  Сабақты «Нақты сұраққа – нақты жауап» әдісімен бастады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту және нақты жауап беруге машықтандыру мақсатында түрлі сұрақтар қою арқылы оқушылармен өткен тақырыптарды қайталап, еске түсірді. Оқушылардың білген дүниелеріне мұғалім тарапынан қосымша ақпарат қосты. «Әдеби шығарма сюжетін құрамдас бөлшектерге орналастыр» әдісін сабағында ұтымды қолданды. Оқушылар өздері оқыған шығарманың мазмұнын нақты түсініп, меңгере алғандықтарын  байқатты. «Екі жақты түсініктеме күнделігі» кезеңінде қолданылған бұл әдісте оқушылардың тапсырмаларды тыңғылықты әрі сапалы орындауы, әсіресе повестің идеясы мен пафосын анықтау - сабақтың жақсы өтуіне оң ықпалын тигізді. Әр оқушы өз пікірлерін ашық айта алатындықтарын көрсете білді. «Тұжырымдамалық кесте» сызбасында оқушылар шығармадағы кейіпкерлер жүйесін толығымен біліп, кейіпкерлерге жазушының берген бейнесін өз көзқарастарымен салыстыра алатындықтарын көрсетті. Өз ойларын ортаға салу арқылы әдеби тілде сөйлеуге қызығушылықтары мол екендіктері байқалды. Сабақ кезінде «ұлттық тәрбие мен ұлттық мүдде» туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сабақты Өтеген батыр, Сұраншы батырларды мысалға келтіре отырып қорытындылады. Тапсырмалардың барлығы дескритормен берілді. Оқушылар сабақты жете түсінді. Жоспарланған тапсырмаларды оқушылар өз уақытымен орындап, меңгере алды.

       Сонымен қатар, сыныптан тыс сабақтар да Classroom форматта өз дәрежесінде жоғары өтті.  «Ақынның нұрлы әлемі» атты эссе жазу байқауы 10-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімдері Б.Қ.Қанафина мен Г.Қ.Нұрахметова өткізді. «Ұлт жанашырлары» А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шығармалар байқауын Б.Артес пен Т.А.Айтбаева 9-сыныптардың арасында ұйымдастырды. «Жас қаламгер» атты еркін тақырыпта жазба ақындар сайысын Р.Иврай мен К.С.Рүстемова  жоғары деңгейде өткізді.

Ақиық ақын М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай "Поэзияның асқар шыңы- Мұқағали" атты эссе байқауының 8- сыныптар арасында онлайн форматта өтуіне А.Т.Тойғанбаева мен А.Қ.Сейфуллина жауапты болды.

      Қорытынды: Онкүндік барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру -  пән онкүндігінде  орны ерекше алды.  Онкүндікке директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Абдикаримова Г.А., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағындықова С.А. қатысып, жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. Бұл онкүндікті өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бірлестігінің мұғалімдері мектеп жоспары бойынша 24.01-04.02.202ж.

 аралығында пән онкүндігін талапқа сай өткізді. Онкүндік барысында мұғалімдердің шеберлігі мен оқушылардың белсенділіктері байқалды. Оқушылар өздерінің білімдерін көрсете білді және сабаққа деген белсенділіктері арта түсті.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны