Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз- шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бəле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тəңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, — деген («Арыз жазып кетейін» [1; 123,124]) мəрт мінезді, өр кеуделі, от жүректі ақынның туған күніне орай Ахмет Байтұрсынұлының 48 мектеп-лицейінде 9 «А» сынып оқушылармен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Капшаева Гулшат Аблашқызы « Мұзтаудың мұзбалағы» атты әдеби сазды кешін өткізді. Кеш өте жоғары дәрежеде өтті.  

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы — болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы» -деп Зейнолла Серікқалиев айтқандай,маржан поэзиясынан сыныптың 25 баласы 25 өлеңінін жатқа оқыды.

25 өлең жүрекпен оқылды. Ондай болса, 25 баланың бойына қуаныш,мақтаныш, рухани күш-қуат құйылды. Бүгінгі жас шәкірт ертеңгі күні ақынның мұрасын құрандай бойтұмар етіп алып жүрсе болды.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны