Меню KDT

Новости

Главная Новости

МЫҢ ӨМІРГЕ ҚҰЛАШ ҰРҒАН АҚЫН СЕРІКБАЙ ОСПАНОВПЕН КЕЗДЕСУ

МЫҢ ӨМІРГЕ ҚҰЛАШ ҰРҒАН АҚЫН
СЕРІКБАЙ ОСПАНОВПЕН КЕЗДЕСУ
2022 жылғы 28 қаңтар күні білім ордамызда Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, доцент, профессор қызметтерін атқарған, сондай-ақ Сырбай атамыздың жерлесі, белгілі жазушы әрі ақын, бірнеше жыр жинақтардың авторы Оспанов Серікбай Оспанұлымен онлайн форматта кездесу өткізілді. Алғашқы сөзді мектеп директоры Гүлжан Дәрібайқызы алып, Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, алда жоспарлап отырған жұмыстарымызды да атап өтті. Кездесу барысында ақынмен жүздесе отырып, Сырбай ақынның жастық шағы, шығармашылығы, бойындағы ерекше қасиеттері жайында әңгіме айтылды. Сондай-ақ, мектебімізде Сырбай Мәуленовтің шығармаларын насихаттап, жас ұрпақтың бойына дарытып жүрген қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Ғайния Сандыбайқызы мен мектебіміздің түлегі, Астана медициналық университетінің 3 курс студенті Асабаева Жанеркенің өз арнауларын оқып, қатысушыларды таланттарымен тәнті етті. Сонымен қатар, Тілеукен Сәметұлының орындауындағы «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні ерекше әсер қалдырды. Ал ақынның қаламынан туындаған «Туған жермен сырласу» өлең шумақтарынан үзіндіні 10 «А» сынып оқушысы Төлеген Гүлсезім мәнерлеп оқыды. Осындай кездесудің оқушылар үшін маңызы зор, мазмұны терең дүние ретінде есте қалары сөзсіз.
#СырбайМәуленов100жыл

         


     

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны