Зерде ғылыми зерттеу жұмысын жазу талаптары
2.Конкурсты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) ұйымдастырады.3.Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.4.Конкурстың басты міндеттері:- оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;-ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау;- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;- қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.2. Конкурстың қатысушылары5. Конкурсқа жас зерттеушілер – 1-7-сынып оқушылары жеке, сондай-ақ, командалық құрамда қатыса алады (2 қатысушыдан аспау керек).3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі6. Конкурс 3 кезеңнен тұрады:- бірінші кезең – аудандық/қалалық (қыркүйек айының III он күндігінде).- екінші кезең – облыстық (қазан айының ІІ - ІІІ онкүндігі);- үшінші (қорытынды) кезең – республикалық (қаңтардың екінші он күндігінде).7. Жұмысты қорғаған кезде авторға 10 минут уақыт (7 мин. докладқа, 3 мин. сұраққа) беріледі.8.Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімі басшыларының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінім қажет.9. Конкурс жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі:1 топ - 1-4 - сынып оқушылары;2 топ - 5-7 - сынып оқушылары10. Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша әрбір ауданнан/қаладан 2 үздік жұмыс ұсынылады ( 1- топтан бір жұмыс, 2- топтан бір жұмыс).
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии