Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Ауған соғысы" туралы Акбаев Сабит Жумашевичпен кездесу

     Оқушылар "Ауған соғысы" туралы алдын ала мәлеметтер жинап, баяндама әзірледі. 11 "Б" сынып оқушысы Салов Данил видеофильм әзірлесе, Жариков Темирлан жауынгер бейнесін салып, 10 "Б" сынып оқушысы Рамазанова Малика мен 11 "А" сынып оқушысы Ерболова Диана Ауған соғысы туралы қысқаша ақпарат берді.
     Кездесу барысында ардагер жауынгер өз басынан өткен оқиғалар жайында қысқаша баяндап берді. Оқушылар "Әскер сізді не нәрсеге үйретті?", "Қорықтыңыз ба, қорқынышыңызды қалай бастыңыз?" "Ең естен кетпес оқиға, сәттеріңізді айтып бересіз бе?" "Сол 18 жас шағыңызға қайта оралсаңыз, Ауған жеріне әскери борышыңызды өтеуге барушы ма едіңіз?" деген мағынада түрлі сұрақтар қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. "Әскер қиындыққа шыңдайды, нағыз ер азамат боп қалыптасасыз", "Әскерге барғаныма, соғысқа қатысқаныма өкінбеймін, соғыс болмасын ешқашан. Бірақ қазір де Отан үшін басымды бәйгеге тігуге дайынмын" деген жауаптар естіген оқушылардың жанарынан жалын көрінсе, "Ең әсерлі шағым елге қайтып келе жатқанда ұшақта хабарлаған "Біз КСРО шекарасынан өттік" деген хабарлама еді. Бізбен бірге аттанып, табытпен оралған жолдастарым есіме түсті, үйде күтіп отырған анам есіме түсті. Неше жыл өтсе де сол сәт есіме түссе әлі де толқимын" деген жауапты естігенде тебіренбеген оқушы қалмады. "Ерлік сағаты" оқушылар есінде ұзақ сақталатын сабақ болды.





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны