Құттықтаймыз!
20 ақпан күні Нұр-Сұлтанда Есіл өзенінде дәстүрлі «Бұрқасын-2022» қысқы фестивалі өтіп жатыр, оған екі мыңнан астам адам жиналды. «Бұрқасын-2022» фестивалі 22 мәрте өткізіліп отыр. Биыл фестиваль бағдарламасына тағы 2 спорт түрі қосылды: белбеу күресі және қол күресі. Бағдарламаға енгізілген спорт түрлері қала тұрғындарының ұсынысы негізінде іріктелді. Екі мыңнан астам қатысушы тіркелген, олардың ішінде әскери бөлімшелер де бар. Қатысушылардың жасы әртүрлі. Мысалы, шаңғы жарысына 4 жастағы балалар, гір спортына 16-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Мұның бәрі әр спорт түрінің талаптары мен ерекшеліктеріне байланысты. Әр жас санаты үшін медальдар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған.
«Бұрқасын-2022» фестиваліне Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің мұғалімдері де қатысты. Қол күрестен физика пәнінің мұғалімі Мерәлі Нұрпейіс те өз бағын сынап жүлделі 3-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии