Меню KDT

Новости

Главная Новости

"ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ЖЕЛТОҚСАН ТҰРАР БАСЫНДА"

"ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ЖЕЛТОҚСАН ТҰРАР БАСЫНДА"

 2021 жылдың 6 желтоқсаны күні мектебімізде Желтоқсан көтерілісінің куәгерлерімен «Тәуелсіздік деген ұғымның, Желтоқсан тұрар басында» тақырыбында кездесу өткізілді. Халқымыз бен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін күрескен, Желтоқсан көтерілісінің батырларына құрмет көрсету, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі ретінде ол кісілердің ерлігін баяндау, оқушылардың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткен кездесуге Аубакирова Баян Алиевна, Мусина Гульден Канафияновна, Болыс Сәкен Қасықбайұлы қатысты. Шара барысында келген қонақтарымыз оқушыларды Тәуелсіздік мейрамымен құттықтай отырып, сол тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы бар екендігіне тоқталып, өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Оқиға куәгерлері сол күндері өздерінің және курстастарының Желтоқсан оқиғасына қалай қатысқандарын және қандай жәбір-жапа шеккендерін тебірене отырып айтып берді. Келген қонақтарымызға оқушылар да «Тәуелсіздік» өлеңін оқып, «Туған жер» әнін шырқап берді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік суретіне түсті. 

          
  
     


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны