Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Үздік жас маман-2022» шығармашыл ұстаздар мектепішілік сайысы

«Үздік жас маман-2022» шығармашыл ұстаздар мектепішілік сайысының
ЕРЕЖЕСІ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Педагогикалық қызметте 0-5 жылға дейін еңбек өтілі бар Нұр-Сұлтан қаласының №38 мектеп-лицейдің педагог қызметкерлеріне «Үздік жас маман-2022» мектепішілік конкурсын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Конкурс қашықтан және офлайн түрде өтеді.
II. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерге сыйақы беру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, жоғары ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және рухани адамгершілік мәдениетке ие, заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгерген, зияткерлік даму деңгейі жоғары, талантты педагогтерді анықтау.
2. Міндеттері:
1) педагогтердің беделін көтеру;
2) педагогтердің белсенділігін, өзіндік креативтілігі мен шығармашылық ізденісін ынталандыру;
3) оң педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату.
III. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
Конкурсқа мынадай критерийлерге сай келетін:
1) білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын;
2) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде 0-5 жыл педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымының педагогтері қатысады.
«Үздік жас маман-2022» қатысушы педагогке 3 жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
IV. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Конкурстың жұмыс тобы, Сараптамалық және мектепішілік комиссия құрылады.
2. Жұмыс тобының мүшелері мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
3. Сараптамалық комиссия Конкурстың әр кезеңінің жеңімпазын анықтап, Конкурстың келесі кезеңіне қатысуға ұсыным беру үшін 7-10 балл жинаған педегог ұсынылады.
4. Сараптамалық комиссия мектеп әкімшілігі, мектеп педагогтері, кәсіби конкурс жеңімпаздары қатарынан құрылады.
5. Конкурстың I кезеңін өткізуді бастаудан бір ай бұрын Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды мектеп интернетресурстарында орналастырады.
6. Конкурсқа қатысу үшін 2022 жылдың 21 қаңтарына дейін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Пән бірлестіктің Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді;
7. Белгіленген мерзімнен кешіктірілген жұмыстар – қабылданбайды. Қойылған талаптарды бұза отырып орындалған материалдар қаралмайды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны