Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Шеше, сен бақыттысың!»

Мерекелік іс-шараның мақсаты – оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, оларды мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Сонымен қатар, Ұлттық музейдің жәдігерлерін насихаттау мақсатында Тақсай ханшайымы мен Үржарлық Сәуегей әйелінің образдары сомдалып, театрландырылған көрініс барысында қазақ халқының тарихындағы батыр аналар туралы ақпарат берілді.

Шараға мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Атап өтсек, №83 мектеп-лицейінің оқушысы Дәулеткелді Дінмұхаммед «Абзал ана» әнін хор сүйемелдеуімен ерекше орындаса, «Гамма Джаз» скрипкашылар ансамблі «Камертон» шығармасын ойнап, тамсандырды. Сондай ақ, флейта аспабында Бижан Амин «Бесік жыры» шығармасын әсерлі орындап, Кәрім Мейрамбек Құрманғазының «Адай» күйін күмбірлете шертті. Абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Ақбөпе» атты жас бүлдіршіндер тобының орындауындағы «Мама» әні шырқалып, көрерменді тәнті етсе, №10 мектеп-гимназиясының оқушысы Аружан Төлегенова Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңін мәнерлеп жүрекке жеткізіп оқыды.

Аталған шара Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.









Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны