Наурыз құтты болсын!
Білім ордамыз ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті.Әр сынып оқушылары наурыз мейрамына орай дастархан әзірлеп, ұлттық тағамдар әзірледі.Құрметті ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар!Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия ұжымы!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии