PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі
PISA слайд (нажмите для загрузки) PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі– Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық және ДамуҰйымы(ЭЫДҰ) (OECD – Organisation for Economic Co-operation and Development) жүзеге асыратын бағдарлама. 2000 жылдан бастау алған бұл зерттеуге әлемнің 85елі қатысады. PISA-2022кезеңінің Апробациялық зерттеуі 2021 жылы өткізілді, ал Негізгі зерттеуі 2022 жылы өтеді. PISA зерттеуі төмендегідей ерекшеліктерге ие: • Ол білім беру саласындағы ең ауқымды халықаралық зерттеу болып табылады. • Оған 15-жастағы білім алушылар қатысады. • Зерттеуде білім алушылардың ересек өміргедайындығыбағаланады. • Білім алушылардың оқу, математика, жаратылыстану және креативті ойлаусалаларындағы сауаттылығыбағаланады. • Қатысушы елдердің білім беру тәжірибесі туралы мәнмәтіндік ақпарат жиналады. PISA зерттеуіне қатысу маңызды, себебі, зерттеу нәтижелері: • қазақстандық білім алушылардың мектепті бітіргеннен кейіноқуды ары қарай жалғастыруға қаншалықты дайын екендігін анықтауүшін; • білім беру ұйымдары, білім беру жүйелері және мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді даму бағыттарын анықтауүшін; • әртүрлі елдер арасында білім алушылардың жетістіктерін және білім беруортасын салыстыру үшін қолданылуымүмкін. PISA зерттеуі туралы толық ақпаратты ЭЫДҰ сайтынан алуға болады: https://www.oecd.org/pisa/.