Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады.
Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.
Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.
Отағасы міндетті түрде шаңырақты көтереді, отанасы мен абысын-ажындар, сіңілілер уықтарды қадайды, ал кішкентай балалар уықтың көзіне бау өткізеді. Әже-апалар мосы құрып, ошақ қойып, қазан асып, киіз үй жиһаздарын орналастырады. Киіз үй – отбасының берекесі.
Киіз үй жабдықтары
Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.
Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.
Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.
Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.
Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.
Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.
Құр. Киіз үйдің керегелері мен уықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.
Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.
Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.
Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.
Отағасы міндетті түрде шаңырақты көтереді, отанасы мен абысын-ажындар, сіңілілер уықтарды қадайды, ал кішкентай балалар уықтың көзіне бау өткізеді. Әже-апалар мосы құрып, ошақ қойып, қазан асып, киіз үй жиһаздарын орналастырады. Киіз үй – отбасының берекесі.
Киіз үй жиһаздары
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны