Ғылым күні қарсаңында А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының Құрметті меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Әуезхан Кәріпханұлы Тәшенов атындағы кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға университеттің белгілі ғалымдары мен оқытушылары және Әуезхан Кәріпханұлының шәкірттері мен туыстары қатысты. Іс-шараны мектеп директоры Зауре Жақанқызы ашып, кабинеттің ашылу рәсімі өткізілді. Келген қонақтар Әуезхан Тәшенов туралы жүрек тебірентерлік естеліктерімен бөлісіп, оның адами қасиеттеріне, кәсібилігіне, өмірлік даналығына ерекше тоқталды.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны