Наурыздың 25-26 күндері 5-11 сыныптар аралығында оффлайн форматта мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
Наурыздың 25-26 күндері 5-11 сыныптар аралығында оффлайн форматта мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 218 ата- ана қатысты.Жиналыстың тақырыбы: Отбасында рухани - адамгершілікті құндылықты дамыту. Баланың құқықтық жауапкершілігі мен қауіпсіздігін қалыптастыру .1. Баяндама .2. ІІІ тоқсан қорытындысы3. Тәрбиелік сыныптан тыс іс-шаралар.4. Ағымдағы мәселелер.Жас өспірімдер арасында отбасындағы қарым-қатынас, құқықбұзушылық, буллинг, интернет желісіндегі тыйым салынған сайттар, баланың психологиялық жай - күйі т.б мәселелер қозғалып қарастырылды.Мектеп психологы Куспанова Ш.Ж 11 сыныптың ата-аналарына жолығып емтихан және ҰБТ алдыңдағы қобалжуларын басуға әртүрлі тренингтер өткізді. Жиналыстан кейін мектеп спортзалында тоқсандық пән мұғалімдерінің бағалауы бойынша ата-аналармен кері байланыс, сұхбаттасу өтті. Яғни ата - аналардың көкейдегі сұрақтары пән мұғалімдеріне қойылып, керекті ақпараттарын алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии