Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Алаш жолы" музейі қалалық музейлер сайысының комиссиясын қабылдады

04.04.2022 күні мектебімізде "Алаш жолы" субъективті музейі қалалық музейлер сайысының комиссиясын қабылдады. Байқаудың екінші кезеңіне төреші ретінде ҚР Ұлттық музейінің біліктілікті арттыру және әдістемелік қамту бөлімінің ғылыми қызметкері - Роза Анасовна, ҚР Ұлттық музейі маманы - Салтанат Дүйсенбековна,  Нұр-Сұлтан қаласының Ә.Марғұлан атындағы 40 орта мектебінің музейі жетекшісі - Сәуле Жұмабековна, Нұр-Сұлтан қаласының "Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы" өлкетану бөлімі меңгерушісі Бибігүл Бақытжанқызы келді. Мектеп әкімшілігі мен музей құрамы қонақтарды құрметпен күтіп алып, "Алаш жолы" музейі жетекшісі Мейіржан Дженбаев төрешілерді музей жұмысымен таныстырды. Мектеп оқушылары сайысқа арнап дайындаған "Алаш жолы" қойылымын сахналады. Музыка пәні мұғалімі Айдос Кабдулбаров бастаған жас домбырашылар күй ойнап, бүлдіршіндер өлең оқыды. Төрешілерге "Алаш жолы" субъективті музейі мен "Міржақып бөлмесінің" алдағы жұмыс жоспары мен бағыты таныстырылды. Төрешілер музей жұмысына баға беріп, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарын жеткізді. Музей жұмысына табыс тілеп, сайыста жүлделі орын иеленуінен үміттіміз!

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны