"Ең үздік мектеп музейі" қалалық байқаудан 2 орын
Қалалық «ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ» өз мәресіне жетті. «Мұқағали Мақатаев атындағы N74мектеп-гимназия» қоржынында II орын!
🎉 БАЙҚАУДЫ ұйымдастырушылар «ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ», НҰР-СҰЛТАН қаласының «БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ».
☑️ Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміз ЖҮЛДЕЛІ 🥈 ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
💫 «Мұқағали әлемі» ғылыми шығармашылық орталықтың жетекшісі мен оқушылар таныстырылым мен орталық мүмкіндіктерін жоғары деңгейде өткізді.
Ғылыми-шығармашылық орталықтың мақсаты мен бағыты айқын. Оқушыларды қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына қызығушылығын арттыру, парасатты, адами қасиеті жоғары, жан-жақты дамыған, шабыты оянған тұлғаны қалыптастыру.
Орталықтың ерекшелігі-заманауи технология мүмкіндіктерін пайдалану.
QR және AR қосымшалары арқылы мұзбалақ ақынның жанды дауысы ести отырып, бейнесін де көруге болады.
Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар көптеген ақынның өлеңдері мен сазгерлер жазған әндерін гаджет құрылғылары арқылы тамашалай алады.
⚜️ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ұйымдастырған байқау орталық белсенділерін жұмылдырып, биік белестерді бағындыруда аянбай еңбектеніп, жемісін көргенде қуанышымызда шек болмады!!
🔔 Мектеп әкімшілігі атынан музей жетекшілеріне, барша атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз! 👏👏👏 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Болашақта орталық өз жұмысын жетілдіріп, өскелең ұрпақтың бойына адами құндылықтарды дамытуға өз үлесін қосуына сенімдіміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии