А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей "Ғылымға бастар жол" апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті секциясы " Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз" атты оқу клубының кезекті дәрісі өтті. Дәрісте жазушы Медеу Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман-эссесі бойынша халқымыздың ғұлама ғалымы Қаныш Сәтбаевтың өмірінің ерекше кезеңдері мен адами болмысы, геология ғылымына қосқан баға жетпес еңбегін ұрпаққа өнеге еттік. 10 - сынып оқушылары роман-эссені жан-жақты, терең талдай алды.
Оқу клубына келген қадірлі қонақтар:
ЕҰУ - нің профессоры, филология ғылымдарының докторы,
ЕАГИ қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, философия докторы,
ЕАГИ қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғалымдар өз өмірлеріндегі ғылым жолындағы ізденістер мен талпыныстары жайлы сырларын балалармен бөлісті.
Дәріс-кездесу жайлы түйінді ойды мектеп директоры Садыкова Зауре Жақанқызы айтты. Әр тұлға өзін үздіксіз дамытып, үнемі ізденіс үстінде болу парыз екендігін жеткізді.
Оқу клубын жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , ұлағатты ұстаз Момынқұлова Алтын келген қонақтарға алғысын жеткізді. Бұл дәрістің балаларға берер рухани байлығы зор болды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны