Меню KDT

Новости

Главная Новости

Дойбыдан юниорлар, жастар, әйелдер және ерлер арасында Қала чемпионаты болып өтті

09-10 сәуір аралығында «Нұр-Сұлтан қаласының Дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің күнтізбелік жоспары бойынша «64» шаршылы дойбыдан юниорлар, жастар, әйелдер және ерлер арасында Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты болып өтті. Аталған жарыс Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында жоғарғы деңгейде өтті.

Шаршы тақтадағы ақыл-ой бәсекесі классика номинациясы бойынша швейцариялық жүйеде қызықты әрі тартысты өтті.

Елордадан ұзын-саны 100ге жуық спортшы қатысып бақ сынасты.

Спортшылар төмендегі жас категориялары бойынша сынға түсті:

- юниорлар (қыздар, ұлдар)

- жастар (қыздар, ұлдар)

- ерлер және әйелдер

Мектебіміздің атынан келесі оқушылар мен мұғалімдер аталған жарысқа белсенді қатысып жеңімпаз, жүлдегер атанып мол тәжірибе алды:

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

 

8 «А» сынып оқушысы САЙЛАУ ӘМИНА – 1 ОРЫН жеңімпазы

4 «Б» сынып оқушысы АХМЕТЖАНОВА АЙЛИН – 2 ОРЫН жүлдегері

6 «Г» сынып оқушысы МАХМУТОВА АДИЯ – 3 ОРЫН жүлдегері

Ерлер арасында ИСАЕВ СЕРЖАН - 1 ОРЫН жеңімпазы

 

Белсенді қатысушылар:

Бастауыш пәні мұғалімі Бижигитова Ә.Ж.

9 «А» сынып оқушысы Боларбек Нұрбек

8 «Д» сынып оқушысы Шалхар Жассәби

5 «Е» сынып оқушысы Серіков Ернұр

4 «В» сынып оқушысы Жұмабек Мадина

3 «Ә» сынып оқушысы Қуатұлы Әмірхан

3 «Г» сынып оқушысы Сайлау Ерсұлтан

3 «Д» сынып оқушысы Аукушева Жанель

2 «А» сынып оқушысы Жұмабек Малика

 

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздарын, жүлдегерлері мен белсенді қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны