Мамандықтар жәрмеңкесі
Мамандықтар жәрмеңкесі
2022 жылғы 16 сәуір күні мектебімізге орта білім беру мекелемері келіп, мамандықтар жәрмеңкесін өткізді. 9-10 сынып оқушыларына «Қаз УТБ» колледжі АҚ, «Тұран» колледжі, Индустриалды инженерлік-экономикалық колледжі және «Қазақстандық Швейцария-Американдық» колледжінде оқытылатын мамандықтармен танысты. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова мен ұйымдастырушы педагог С. Сейдахметова білім беру мекемелерінің мамандықтар жәрмеңкесін ұйымдастырып, оқушылардың толыққанды ақпарат алуын қамтамасыз етті.
Бітіруші түлектер аталған колледждерге түсу тәртібі, қажетті құжаттар, оқуға жасалған жағдайлар және т.б сұрақтарын жолдап, маңызды ақпараттар алды. Әр сала бойынша оқытылатын мамандықтардың бүгінгі таңдағы өзектілігі, оқу бітірген соң жұмыспен қамтылу мүмкіндігі туралы айтылды. Ендігі кезекте, оқушылар қажет деп тапқан жағдайда өз таңдауларын жасайтын болады.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии