Үздік жас маман-2022
Үздік жас маман – 2022Еліміздің болашағы жастардың қолында. Ұстаз деген ұлы есімді арқалап жүрген бүгінгі жас мамандардың жүгі ауыр. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде болмысыңмен үлгі болу, педагогикалық шеберлік ұстаз бойында болуы қажет басты қасиеттер.2022 жылғы 16 сәуір күні мектебімізде «Үздік жас маман-2022» байқауы болып өтті. Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары С. Кенебаева мен жас мамандар бірлестігінің жетекшісі Б. Ташмаганбетова ұйымдастырған байқауға 3-7 жыл аралығында педагогикалық өтілі бар жас мамандар қатысты. Өзін таныстыруПедагогикалық жағдаятҰсынатын педагогикалық идеяҮздік бейнесабақ кезеңдері бойынша сайысқа түскен ұстаздарымыз өзара бақ сынасты. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын әр кезең бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова мен Л. Сарсембекова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Кайроллаев, кәсіподақ ұйымының төрайымы Г. Махметова, педагог психолог Р. Сайлаубаева мен география пәнінің мұғалімі К. Сеил бағалап отырды.Байқау қорытындысына сәйкес «Ең шығармашыл ұстаз» номинациясына тарих пәнінің мұғалімі К. Реймов, «Ең үздік педагогикалық идея» номинациясына Ж. Нуркенова, «Ең үздік бейне сабақ» номинациясына Ж. Каирова ие болды. Байқауға қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен технология пәнінің мұғалімі Д. Мұздыбай ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі А. Ескендирова ІІ орынды иеленсе, математика пәнінің мұғалімі А. Мәжит І орынға ие болды. Шығармашылық ізденістері мен үздік педагогикалық әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ерекше көзге түсе білген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Мұқатова «Үздік жас маман – 2022» деп танылып, жеңімпаз атанды. Қатысушылар мен жеңімпаздарды мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова марапаттап, алғыс білдірді. Барша жас мамандарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии