Меню KDT

Новости

Главная Новости

Моншақтым-2022

Моншақтым – 2022

Қазақ халқы қашанда қыз баласын құрметтеп, болашақ ана деп ардақтап, төріне отырғызған. Қыздың жолы жіңішке. Қыз тәрбие үлкен жауапкершілікті талап етеді.

2022 жылғы 15 сәуір күні мектебімізде 8-сынып қыздары арасында «Моншақтым-2022» сайысы өтті. 8-сынып жетекшілері ұйымдастырған шараның мақсаты - қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.

Оқушылар 5 кезең бойынша өзара сайысқа түсті. Өзін таныстыру, Білім мен дәстүр, Шаш өру, Ас адамның арқауы және өз өнері. Сайысқа қатысушыларды қазылар алқасы әр кезең бойынша бағалап отырды. Жас ерекшеліктеріне қарамастан оқушы қыздар барлық өнерін көрсете білді. Қазылар алқасының шешімі мен ортақ ұпай сандарына сәйкес бас жүлде және бірнеше номинациялар тағайындалды.
«Гауһартас» номинациясы,
«Мөлдіртас» номинациясы,
«Лағылтас» номинациясы,
«Меруерт» номинациясы,
«Маржантас» номинациясы,
«Інжутас» номинациясы.

Сайыс қорытындысына сәйкес 8 «Г» сынып оқушысы Г. Мұхамбетқали «Моншақтым-2022» бас жүлдесіне ие болды. Сынып жетекшісі Д. Райымбекова. Сайысқа қатысып, номинант атанған қатысуышларды директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Кайроллаев, Бас жүлде иегері, жеңімпазды мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева марапаттап, «Моншақтым-2022» тәжін табыстады. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі С. Амангельдиева сайыскерлерге арнап тас моншақтарын әзірлеп, сыйға тарту етті. Бұл үрдіс жылдық дәстүрге айналып, тәж иегерлері анықталып отыратын болады.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны