15 сәуір күні «Ход Конем» шахмат мектебінің қолдауымен мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында шахматтан турнир болып өтті.
Турнирдың мақсаты:
- зияткерлік спорт түрлерін дамыту
- мектеп оқушылары арасында шахмат ойынын насихаттау
- талантты және үздік ойыншыларды анықтау және оларды қалалық мектеп оқушылары арасындағы турнирлар мен чемпионаттарға іріктеу
Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша 1-4 сыныптар және 5-11 сыныптар арасында өтті. Турнирға 70-ке жуық оқушы қатысып тартысты өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
5-11 сыныптар арасында
10 «А» сынып оқушысы Жанәділ Бақыт – 1 орын жеңімпазы
8 «Д» сынып оқушысы Адильбеков Мажит – 2 орын жүлдегері
10 «А» сынып оқушысы Тұрдыбаев Сәкен – 3 орын жүлдегері
1-4 сыныптар арасында
4 «А» сынып оқушысы Шахмұрат Мансұр – 1 орын жеңімпазы
4 «Б» сынып оқушысы Ахметжанова Айлин – 1 орын жеңімпазы
4 «Г» сынып оқушысы Сальменов Сансар – 2 орын жүлдегері
1 «А» сынып оқушысы Бисембек Нұрали – 3 орын жүлдегері
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медаль және мадақтамалармен марапатталды.
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар мектепаралық «Ақбозат» қалалық турнирінде мектеп намысын қорғайтын болады.
Жарысты жоғарғы деңгейде өткізгені үшін «Ход Конем» шахмат мектебінің ұжымына мектеп атынан алғыс білдіреміз.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны