«Үздік жас маман-2022» байқауы ұйымдастырылуда
2022 жылдың 11-23 сәуір аралығында М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Үздік жас маман-2022» байқауы ұйымдастырылуда.
Байқау мақсаты- жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, бағыт –бағдар бере отырып оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
1-кезең:жас мамандар ашық сабақ көрсетеді және портфолио жинақтайды.
2-кезең:шығармашылық кезең акт.залында өтеді
Мектебімізде 11-15 сәуір «Жас мамандар апталығы» болып жарияланып, байқаудың 1-кезеңі болып өтті.
1 апта бойы 24 жас маман өз пәндері бойынша ашық сабақ көрсетіп, портфолио жинақтады. Іс-тәжірибесі мол ұстаздардан құрылған комиссия мүшелері жас мамандардың ашық сабақтарына қатысып, өз бағаларын берді.
24 жас маман ішінен байқаудың критерийлеріне сай сабақ өткізіп, портфолио көрсеткен 10 жас маман байқаудың 2-кезеңіне жолдама алды. Екінші кезеңге өткен жас мамандарға сәттілік тілейміз!

.jpeg)
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии