«Тұңғыш академик, әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?»-атты ғылыми жоба байқауы
20.04.2022ж. «Ғажайыптар әлемінде» атты география, химия, биология апталығының жоспарына сай «Тұңғыш академик, әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?»-атты ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға 7-8 сынып оқушылары қатысты.
12-сәуірде ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл толды. 7-8 Оқушылар ғалымның балалық шағы мен еліне сіңірген ерен еңбегін зерттеген. Ол – Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии