Scratch программасында “Үздік анимация” сайысы өткізілді.
Сәуір айының 21-і күні "Ғылым әлемін ашамын" онкүндігі аясында 3-5 сынып оқушылары арасында Scratch программасында “Үздік анимация” сайысы өткізілді.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуы біздің оқушыларымыздың заман ағымынан қалыспай, техникалық білім алуды талап етеді.
Жастайынан программалаудың алғы шарттарын үйреніп, анимация жасай білген оқушы болашақта мықты аниматор, программист, дизайннер болары сөзсіз. Сайысқа қатысқан барлық оқушы мадақталып, сыйлықтармен марапатталды.
Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар:
1-орын иеленген оқушылар Түгелбай Каирбек және Абраев Ерназар;
2-орын иеленген оқушылар Нұрмат Айсара және Пернебек Айсара;
3-орын иеленген оқушылар Ермек Диар және Анарбек Диас.
Үздік нәтиже көрсетіп, орын иеленген оқушыларды құттықтаймыз!
Алдағы уақытта оқушыларды Информатика ғылымына қызықтыру мақсатында әртүрлі сайыстар ұйымдастырылатын болады.
#информатика


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии