Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы #78 мектеп-гимназия" КММ
18 сәуір 2022 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты аясында "Сокровищница мыслей, чувств и портретов..." атты әдеби-поэзиялық кеш өткізілді. Апталықтың ашылуына 9-10-сынып оқушылары қатысты. "Күміс ғасыр" ақындарының шығармашылығымен тереңірек таныстыру мақсатында оқушылар жыр шумақтарынан үзінді келтіріп, мәнерлеп оқып берді. Мектебіміздің жас өнерпаздары өз шеберлігін көрсетіп, поэзия мен прозаны қатар ұстаған қаламгер А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" романы, Островскийдің "Гроза" драмасы, А.П.Чеховтың "Три сестры", "Вишневый сад" пьесалары желісінде сахналық қойылым көрсетті.