Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» КММ- де 9 сәуір күні жаратылыстану пәні онкүндігінің аясында мектебіміздің тренері, жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі Мұқан Сандуғаш «Global САПА» білім беру орталығымен бірлесіп, мектеп қабырғасында 3 бағытта тренинг ұйымдастырып өткізді. Тренингке мектебіміздің 45 мұғалімі қатысты. 1 топ тренері Дүйсенбай Асқар Серікұлы, тақырыбы: «Рефлекция- сабақтың міндетті бөлімі ретінде». 2 топ тренері Ерғалиқызы Әдемі, тақырыбы: «Оқытуда қолданылатын проблемалық оқыту технологиясы». 3 топ тренері Жаппарова Ұлдана, ассисенті Ботбаева Алмагуль Орынбековна, тақырыбы: «Жүйелі іс жемісін бермей қоймас». Жоғарыда аталған тренерлер өздерінің білімі мен тәжірибелерімен бөлісті. Тренерлерге зор алғысымызды білдіре отырып, еңбек жолында шығармашылық табыс тілейміз!