Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Отбасы хрестоматиясы»

Елімізде 2012 жылы «Отбасы хрестоматиясы» деген атаумен құрылған қоғамдық қордың азаматтары сыртқы ықпалдың ырқымен үзілген дәстүрлі ұлттық тәрбие үрдісімізді қалпына келтіру мақсатында көптеген кітаптар шығарып ел игілігі үшін өлшеусіз еңбек етуде. Отбасы хрестоматиясы айдарымен шыққан кітаптардың бірі Мырзабай Сейілбектің авторлығымен шыққан «Балалықтан даналыққа» атты кітабы да бала тәрбиесіне бейжай қарамайтын көзі қарақты, көкірегі ояу көпшіліктің зор ықыласына бөленіп қайта басылып шығып жатыр.
Осы кітап арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Мырзабай Сейілбекті Елордамыздағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейімізге шақырып, 22 сәуір күні балалар жылына орай мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған «Құрал және құндылық» деген тақырыпта лекция өткізілді. Лекция алдында мектебіміздің тәжірибелі ұстаздарының бірі Нағима Таласбекқызының бүлдіршін шәкірттері А.Байтұрсынұлының, Ш.Құдайбердіұлының сырға толы даналық сөздерін ата-аналарға оқып беріп, өздерінің білім-ғылымға, даналыққа жол тартқан болашақтың тізгінін ұстаушы бүлдіршіндер екенін айғақтағандай болды.
Лектор баланың мектеп қабырғасынан алатын білімі күн көріудің, тіршілік етудің құралы екенін, ал адамша өмір сүру үшін көкірегіне адами құндылықтарды сіңіру қажет екендігін және ол құндылықты ата-анадан артық ешкімнің сіңіре алмайтынын әлемдік деңгейдегі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жан-жақты түсіндіре білді.
Ата-аналар айтылған ақпараттарды жылы қабылдап лекторға ризашылықтарын білдіріп жатты.
Біздің бұл кездесуден түйгеніміз, ата-ана мен мектептің ынтымақтылығы, тонның ішкі бауындай бірлігі, сыйластығы, бауырмалдығы, баланың болашағына тікелей әсер ететін факторлардың бірі екендігі. Баланың болашағы – елдің болашағы.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны