№15 мектеп-лицейінде апатты жағдайда оқушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау оқу жаттығуы
№15 мектеп-лицейінде апатты жағдайда
оқушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау оқу жаттығуы
№15 мектеп-лицейі ғимаратында төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту, өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттау, қауіпсіз мінез-құлықтың жалпы мәдениетін арттыру мақсатында 20.04.2022 жылы оқушыларды, мұғалімдерді және қызметкерлерді эвакуациялау мақсатында балалармен және қызметкерлермен объектілік оқу-жаттығу өткізілді. Барлығы 1791 мұғалім, 12 техникалық қызметкер, 1650 1-11 сынып оқушылары қатысты. Оқыту бойынша арнайы қызметтер тартылған жоқ. Өрт сөндіру жаттығуы ғимараттағы адамдарды көшеге шығарумен жүргізілді. Сағат 12:25-те (1 ауысымда) және 17:05-те (2 ауысымда) «Өрт дабылы» оқу-жаттығу сигналы берілді. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияны 4-5 минут ішінде бақылау уақытына сәйкес орындады. Сынып журналдарындағы тізімдер бойынша балаларды тексеру және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында негізгі және авариялық шығулар мен алғашқы өрт сөндіру құралдары тексерілді. Оқушылар мен қызметкерлерді мектеп ғимаратынан шығару эвакуацияланушылардың мінез-құлық ережелері, көшіру кезіндегі жеке құрамның әрекеттері туралы нұсқаулыққа сәйкес ұйымдасқан түрде жүргізілді.
Қорытынды: жалпы оқу-жаттығу жиыны нұсқауларға толық сәйкес өткізілді және оқушылар мен қызметкерлердің мектеп ғимаратынан шығу ұзақтығының оң динамикасын көрсетті.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии