«LS зерттеу сабақтары – даму мен ілгерілеудің формуласы» тақырыбында жетекші мектептерге арналған қалалық семинар
№33 мектеп балабақша және №44 орта мектеппен «Шамшырақ» қоғамдастығын құрған №55 орта мектеп сәуір айының 28-і күні «LS зерттеу сабақтары – даму мен ілгерілеудің формуласы» тақырыбында жетекші мектептерге арналған қалалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты: қоғамдастық аясында мұғалімдердің ынтымақтастық іс-әрекеті арқылы сабақты зерттеу, LESSON STUDY арқылы серіктес мектептермен бірлескен оқу ортасын ұйымдастыру және сабақты зерттеуде тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесімен таныстыру.
Аталған іс-шараға Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептер бойынша координатор Миралиев Бауыржан Койшыбаевич, ПШО тренері Жунусова Фарида Умитжановна мен қала мектептерінің бастауыш, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, математика, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар «Lesson Study – ынтымақтастық тәсілі» тақырыбында ұйымдастырылған көрмемен басталды. Көрмеге №44 орта мектептен 12 зерттеу тобының, №55 орта мектептен 6 зерттеу тобының, №33 мектеп-балабақшадан 1 зерттеу тобының нәтижесі бойынша постер дайындалып, қойылды. TED X форматта өткен «Менің тәжірибемдегі Lesson Study» бөлімінде қоғамдастықтың тренерлері таратуға тұрарлық идеяларын ұсынды. Семинар секциялық жұмыстармен жалғасын тапты. «Бастауыш», «МИФ», «жаратылыстану, көркем еңбек», «орыс тілі, ағылшын» және «қазақ тілі, тарих» секцияларына бөлінген зерттеу жұмыстары өздерінің зерттеу нәтижелерімен толығырақ таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға келушілерден INSTAGRAMM желісі арқылы кері байланыс алынып, ұсыныстарын тыңдады. «Бірігу – бастама, бірге болу – прогресс, ал бірлесіп жұмыс істеу - жетістік» деген ұранды берік ұстанған «Шамшырақ» қоғамдастығы биылғы оқу жылын осылайша қорытындылады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии