«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз текке айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Мектебімізде Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты тақырыпта достық фестивалі өтті. Аталған іс-шараға 2-сынып оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны