Талғат Бигелдиновтың 100жылдығы
Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында Талғат Бигелдиновтың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарлы түрде жасалып, апта күндеріміз түрлі танымдық сағаттармен, дөңгелек үстел, фото-сурет көрмелерімен, виртуалды саяхаттармен жалғасын табады. Жоспарлы жұмыс аясында 25 сәуір күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Рустемова Жанар Тлеубергенова, Кайроллаев Нұрсұлтан Қуанышұлы 4 "Ә", 9 "А", 10 "В" сынып оқушыларымен АКТ залында Талғат Бигелдиновтің өмір жолы, ерлік істерін, Отандық патриотизмдік қайталанбас үлгісін көрсеткен тау тұлғалы азамат екендігін, ерлікпен өрілген өмірі туралы әңгімеледі. Оқушылар батырымыздың ерлігіне , ұлтжандылығын тыңдай отырып, өздерінің ой -пікірлерін айтып, сұрақтарына жауап алды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии