28.04 күні мектебімізде ұлтаралық татулық күніне орай ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен жетелеуші педагог-асисстенттеріне ұйымдастырылған "Бірлігіміз жарасқан" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
"Бірлігіміз жарасқан" атты мерекелік іс-шара өткізілді.📌1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Оқушыларға мемлекетімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының мемлекет үшін маңызын түсіндіру. Ел ішіндегі түрлі ұлт-өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.ІІІ кезеңнен тұратын сайыс оқушылардың қызығушылығын оятты.Оқушыларымыз түрлі ұлт өкіліне бөлініп,сол елді таныстырып,өнері мен ұлттық тағамын көрсетті.Әділ-қазы алқаларының әділ шешімі бойынша жеңіске жеткен Арайлым Нұрланқызы мен Жамбыл Айсұлу. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз 🎈🎀🎁 Ат салысып белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии