ІІ қалалық «Бала Абай» байқауы
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылдың 29 сәуірінде 4-сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу, шығармашылықтарын шыңдау.
Екі номинациядан тұратын байқауға А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп лицейінен “Абай өлеңдерінен эстафета” яғни қайым айтысқа 4”А” сынып оқушысы Шахмурат Мансур қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«Абай өмірінен сахналық көрініс “ байқауына 4”А” сынып оқушысы Тлеубек Алихан қатысып жүлделі ІІІ орын иеленді. Сынып жетекшісі МУСАБАЕВА САЛИМА ЕГІЗБАЙҚЫЗЫ. Мақтан тұтатын шәкірттеріміз көп болсын!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии