Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Отан. Әскер. Жас Сарбаз» жобасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Дойбы – ақыл-ой спорты» атты сайыс болып өтті

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және «Нұр-Сұлтан қаласы дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Отан. Әскер. Жас Сарбаз» жобасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Дойбы – ақыл-ой спорты» атты сайыс болып өтті. 

Жарыстың мақсаты мен міндеттері:

- балалар мен жасөспірімдерді рухани жігерлілікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу

- мектеп жасындағы оқушыларды зияткерлік ойындарға, спортқа тарту

- салауатты өмір салтын насихаттау

Жарыс ұлдар және қыздар арасында 9 турдан тұратын щвейцарлық жүйеде өтті.

Мектебіміздің намысын келесі оқушылар абыроймен қорғай білді:
Қыздар арасында жүлделі 2 орынды 8 «А» сыныбының оқушысы Сайлау Амина, ұлдар арасында жүлделі 3 орынды 8 «Д» сыныбының оқушысы Шалхар Жассәби иеленсе, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша мақтау қағазымен Махмутова Адия марапатталып, 8 «Ә» сыныбының оқушысы Амантай Дарын белсене қатысып мол тәжірибе жинақтады.  

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздарын, жүлдегерлері мен белсенді қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!



 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны