«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың алар оны ерекше болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстар тек оқу дағдыларын бекітіп қана қоймай, білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, ғылымның түрлі салаларымен таныстыруға, жаңа мамандықтарды білуге мүмкіндік береді, ойлауын, байқағыштығын дамытуға ықпал етеді.
Отбасылық оқу –ұрпақтардың рухани байланысы (Отбасылық кітап оқу) 4-сынып отбасы мүшелеріне жанұялық оқу мәдениеті –білімді кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Обасылық оқу-ұрпақтардың рухани байланысы» атты отбасы оқулары іс-шарасы ұйымдастырылды.
Кітап білімнің қайнар көзі. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті,кітап оқудан алатын әсері нағыз «отбасылық құндылық» болып табылады. Отбасылар ата-әжемен бірге оқыған ертегілер,аңыздар баланың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, ой-өрісі кеңейетіндігі, кітап оқу кезінде баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы азық болатын рухани өшпесіз із қалдыратындығы жөнінде әңгіме болды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны