Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ғалымның өнегелі жолы» тақырыбында кездесу сағаты өтті.

Бүгін, 16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылған ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлымен «Ғалымның өнегелі жолы» тақырыбында кездесу сағаты өтті. Іс-шараға №48 мектеп-лицейінің директоры Садыкова Зауре Жақанқызының бастамасымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, профессор Шапекова Неля Лұқпанқызы, ҚР ҰҒА академигі Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы, парламент депутаттары, кафедра оқытушылары, №48 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімдері және 10,11-сынып оқушылары қатысты. Кездесуде Рахметқажы Іскендірұлының еңбек жолы, елімізге сіңірілген еңбектері, генетика саласындағы жетістіктері айтылды. Кездесу  оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Сонымен қатар, Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы арнайы №48 мектеп-лицейінің директоры Зауре Жақанқызына, биология пәнінен үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен биология пәні мұғалімдеріне Алғыс хат тапсырды. Жылдағы дәстүр бойынша ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлының шәкіртақысымен мектептің оқушылары марапатталды. Олар 11 «Г» сынып оқушысы Рысқұл Азат, 11 «Ә» сынып оқушысы Амангельдиева Рузана және  8 «А» сынып оқушысы Сагинова Раушан.  






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны