Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінде бір туар, дара тұлға филология ғылымының кандидаты, доцент, ғалым Қайрат Мамаділдің есімімен қазақ тілі мен әдебиеті аудиториясы ашылды. Аудиторияның салтанатты ашылуына Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыр Ахметов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тазагүл Әбдікерімова, жазушы, Құнанбайтанушы Тұрсын Жұртбай, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Ардақ Бейсембай, БЖО әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызы, тағы да басқа зиялы қауым өкілдері мен ғалымның шәкіртері келді. Аудиторияның ашу лентасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиетші -профессор Серік Негимов пен Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыр Ахметов қиды. Екі сағатқа созылған дөңгелек үстелді басынан аяғына дейін Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы жүргізді.
Бойында, келбетінде, ойы мен рухында, жүрегінде нұрланған ізгіліктер толы Қайрат ағаның адами, азаматтық, ғалымдық, ұстаздық, ақындық болмысы туралы құнды пікірлер айтылды. Әсіресе, ғалымды хаһім Абайдың мінсіз , кемел адамы деп те баға берді. Алланың берген аз ғұмырында артында өлместей мұрасы қалды. Иә, Қайрат Мамаділ ағаның бес оқу құралы, алпысқа жуық ғылыми мақаласы мен «Ұлар үн» өлеңдер жинағы бар. Аудиторияның ашылу мақсаты: студент кезінде Ахмет Байтұрсыновтың мұрасын зерттеген, ғалымның ғылыми еңбектерін,өмір жолын, шығармашылығын, өлеңдерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, елін, жерін, тілін сүйетін, ұлттық құндылығын дәріптей алатын тұлға етіп қалыптасуларына ықпал жасау. Қайрат ағаның таза тұнық, ешбір адамның бойындағы жаман қасиетті көрмейтін, тек ғана жақсы жағын асыра білген тау тұлғалы азамат болғанына көзімізді жеткіздік. Келешекте осы аудиторияда оқитын әрбір шәкірт Қайрат ағаның өлеңдерін жаттап, тағылымын ұғынып өсетініне сенеміз.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны