Соңғы қоңырау
Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы аяқталып, білім ұяларын соңғы қоңыраудың сыңғыры күмбірлетіп әкетті. 25-мамыр күні «Соңғы қоңырау» мерекесіне соңғы рет жиналған №55 орта мектептің 11-сынып түлектері үшін мәңгі есте қаларлық ерекше күн болғаны сөзсіз. «Соңғы қоңырау – мұғалімдер мен оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, білім алушылардың жетістіктерін атап өтетін көңілді әрі маңызды оқиға. Тарыдай болып кірген шәкірттеріміз 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап, рухани азық жинап, үлкен өмірге сапар шекпек.Қалалық, аудандық, облыстық республикалық олимпиада, ғылыми жобалар байқауларына қатысып жетістікке жетіп жүрген оқушылар өте көп. Мектеп өмірінде айрықша жетістікке жетіп, өз бағытын айқындаған шәкірттердің болашағынан зор үміт күтеміз. Бітіруші түлектерге ақ жол! Барлық сынып оқушыларына жазғы демалыста қауіпсіз ережені ұстай отырып, жақсы демалуларына тілектеспіз!
https://fb.watch/dkL4ukZr-I/ #балалар_жылыns #год_детейns
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии