«Тәтті » жазғы лагерінің балалары 6-маусымда спорт алаңында жиналып таңғы жаттығуды музыкалық әуенмен бастады. Сапқа тұрып өз рапорттарын тапсырды. Дауыстап айту ойындарына өте белсенді қатысты. Бүгінгі жоспар бойынша «Халықаралық гүлдер күні» мерекесіне орай «Құмыра толы гүл» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат - ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу, біз үшін аса маңызды. Балалар әсемдікті сезіне білу мақсатында гүлдермен байланысқан идеяларын ортаға салып, қолдан жасалған жұмыстарын тапсырды. Жасалған жұмыстары мақтау қағазымен марапатталды. Балалар «Арсенал» кинотеатрына саяхат жасады. Ойын залдарына кіріп аниматорлармен флешмоб биледі. «Мен қызарып барамын» атты балалар киносын тамашалыды. Балаларға өте қызықты болды.Бүгінгі күн қызыққа толы болды. Балақайлар күндерін табиғаттың әсем гүлдерімен байланыстырып, ертегі кейіпкерлермен жолығып, қиялдарына ерік беріп 3Д форматында ертегі тамашалады. Бүгінгі жоспарланған жұмыс алға қойған мақсат міндеттерін толығымен орындады.