«Тәтті» жазғы лагерінің балалары 7-маусымда спорт алаңында жиналып таңғы жаттығу жасады. Сапқа тұрып, рапорт тапсырды. Дауыстап айту ойындарына өте белсенді қатысты.
Бүгінгі жоспар бойынша «Денсаулық күні» мерекесіне орай «Көңілді старт » эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, баулу.
Балалар 10 адамнан 9 топқа бөлініп, жарысқа өте белсенді қатысты. Қалған балалар ұрандап жанкүйер болды.
Тіл үйірмелері күнделікті өтті. «Ағылшынша сөйлейік!», «Қазақ тілім –құтты білім!» үйірмелері жүргізілді. Оқушылар сурет салып , ағылшынша ойындар ойнады. Қазаша ертегілер тыңдады.
Балақайлар бойлы қуыршақтар театрына саяхат жасады. «Ғажайып әлемге саяхат!», «Сказочный волшебный мир!» ертегісін тамашалады. Ертегі өте қызықты өтті.
Саптық жиында «Көңілді старт » эстафеталық жарыстың қорытындысы айтылды. Жарысқа қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды. Бүгінгі күн қызыққа толы болды.